EasyManua.ls Logo

TEFAL MULTICOOK & STIR IH - Алғаш Қолданар Алдында; Құрылғыны Тазалау

TEFAL MULTICOOK & STIR IH
164 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
128
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны орауыштан шығару
Құрылғыны орауыштан алып, бүкіл қосалқы құралдарды және
басылған құжаттарды орауыштан шығарыңыз.
Корпусындағы арнайы түймесінен басып қақпағын ашыңыз
(1-сурет).
Нұсқаулықты оқып, онда берілген нұсқауларды мұқият
орындаңыз.
Құрылғыны тазалау
Тостағанды – 2-сур., ішкі қақпағын – 3-сур. алыңыз.
Тостағанды және ішкі қақпақты жуатын сұйықтық қосып,
ысқышпен жуыңыз.
Құрылғының сыртын және қақпақты дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
Мұқият кептіріңіз.
Бүкіл элементтерді қайтадан бастапқы орнына қойыңыз. Ішкі
қақпақты құрылғының үстіңгі қақпағына дұрыстап орнатыңыз.
Алынбалы сымды әзірлегіш түпқоймасындағы ұяшыққа
орнатыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ МЕН БАРЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
Тостағанның сыртын мұқият сүртіңіз (әсіресе, түбін). Тостаған
астында және жылыту элементінде бөгде қалдықтар немесе
сұйықтық жоқ екенін тексеріңіз — 4-сурет.
Тостағанның құрылғыға дұрыс орналастырылғанын тексеріп
салыңыз — 5-сурет.
Араластыру функциясын пайдаланғыңыз келсе, қалақты
төменгі жалғағышпен, тірек сақинамен және араластыру
қалағымен бірге құрастырыңыз - 6-сур. және оны табаққа
қойыңыз - 7-сур..
Ішкі қақпақ дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
Қақпақты сырт еткен дыбыс шыққанша жабыңыз.
Қуат сымын (11-сурет) мультипісіргіштің негізіндегі (10-сурет)
ұяшыққа, содан кейін қуат көзіне жалғаңыз. Құрылғы «бип»
еткен ұзақ сигнал шығарып, басқару панеліндегі барлық
индикаторлар біз мезетке жанады. Содан кейін экранда
«----» көрсетіледі, барлық индикаторлар өшеді. Құрылғы күту

Table of Contents

Related product manuals