128 Қазақ 2100246
*2100246*
▶ Аккумуляторларды жоғары температуралар, тікелей күн сәулесі мен өрттен алшақ ұстаңыз.
▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) жоғары температураға дейін қыздыруға және
жағуға тыйым салынады.
▶ Соққы тиген, бір метрден жоғары биіктіктен құлаған немесе басқа жолмен зақымдалған
аккумуляторларды пайдалануға немесе зарядтауға болмайды. Мұндай жағдайда әрдайым
Hilti сервистік қызметіңізге хабарласыңыз.
▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды тұтанғыш
материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын жерге қойыңыз.
Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық болып тұрса, бұл оның
ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
3 Сипаттама
3.1 Аспап құрамдастары, басқару және индикация элементтері 1
@
Шаңнан қорғау қабы
;
Құрал бекіткіші
=
Құрал босатқышы
%
Функцияны таңдау қосқышы
&
Тереңдік шектегіші
(
Іске қосу құлпы бар оңға/солға айналудың
ауыстырып-қосқышы
)
Негізгі сөндіргіш
+
Тұтқыш
§
Аккумулятор
/
Зарядталу деңгейінің және ақаулықтардың
индикаторы (Li-Ion аккумуляторы)
:
Аккумуляторға арналған босату түймесі
∙
TE DRS-4-A(01) шаңсорғыш модуліне ар-
налған қосылым
$
Бүйірлік тұтқыш
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім аккумуляторлық перфоратор болып табылады. Ол болат, ағаш пен кірпіш қалауды
бұрғылау, бетон мен кірпіш қалауды соққымен бұрғылау және бұрандаларды бұрап бекітуге және
босатуға арналған.
• Бұл өнім үшін тек B 22 сериялы Hilti Li-Ion аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
• Бұл аккумуляторлар үшін тек Hilti компаниясы мақұлдаған зарядтағыш құрылғыларды қолданыңыз.
Қосымша ақпаратты Hilti Store дүкенінен немесе мына веб-сайттан алуға болады: www.hilti.group
3.3 Литий-иондық аккумулятор зарядының күйін көрсеткіш
Литий-иондық аккумуляторларды қолданған кезде зарядтау күйін бұғаттау түймесін түрту арқылы
көрсетуге болады.
Құралдың бөлшектерi Сипаттамасы
4 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 75 % - 100 %
3 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 50 % - 75 %
2 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 25 % - 50 %
1 жарық диоды жанады. Зарядтау күйі: 10 % - 25 %
1 жарық диоды жыпықтайды. Зарядтау күйі: < 10 %
Жұмыс уақытында және бірден жұмысты аяқтағаннан кейін зарядталу деңгейі туралы сұрау мүмкін
емес. Аккумулятордың зарядталу деңгейі жарық диодтары жыпылықтаған жағдайда «Ақаулықтарды
жою» бөліміндегі нұсқауларға назар аударыңыз.