132 Қазақ 2100246
*2100246*
7 Тасымалдау және сақтау
7.1 Аккумуляторлық құралдар мен аккумуляторларды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
▶ Аккумулятор(лар)ды шығарыңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз. Тасымалдау барысында аккумуляторларды
шамадан артық соққы мен дірілден қорғау және олардың басқа батарея полюстерімен жанасуына
және қысқа тұйықталудың туындауына жол бермеу үшін кез келген ток өткізгіш материалдардан
немесе басқа аккумуляторлардан оқшаулау керек. Аккумуляторларға арналған жергілікті
тасымалдау ережелерін сақтаңыз.
▶ Аккумуляторларды поштамен жіберуге болмайды. Зақымдалмаған аккумуляторлардыжіберу қажет
болғанда, жеткізуші кәсіпорындарға хабарласыңыз.
▶ Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзақ уақыт бойы тасымалдағаннан кейін
зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Сақтау
ЕСКЕРТУ
Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!
▶ Өнім мен аккумуляторларды салқын және құрғақ жерде сақтаңыз. Техникалық деректерде
көрсетілген температураның шектік мәндерін ескеріңіз.
▶ Аккумуляторларды зарядтағыш құрылғыда сақтамаңыз. Аккумуляторды зарядтағаннан кейін
әрдайым зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз.
▶ Аккумуляторларды еш жағдайда күн мен жылу көздерінің астында немесе шыны әйнек артында
сақтамаңыз.
▶ Өнім мен аккумуляторларды балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде сақта-
ңыз.
▶ Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзақ уақыт бойы сақтағаннан кейін
зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
8 Ақаулықтарды жою
8.1 Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
8.2 Перфоратор қолданылуға жарамды емес
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Жарық диодтары өшірулі. Аккумулятор толығымен
салынбаған.
▶ Аккумуляторды қос шырт
еткен дыбыс естілгенше
бекітіңіз.
Аккумулятор зарядын босатыңыз. ▶ Аккумуляторды алмастырып,
бос аккумуляторды
зарядтаңыз.
1 жарық диоды
жыпылықтайды.
Аккумулятор зарядын босатыңыз. ▶ Аккумуляторды алмастырып,
бос аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аккумулятор қызып немесе суып
кетті.
▶ Аккумуляторды жұмыс
температурасына дейін
жеткізіңіз.
4 жарық диоды
жыпылықтайды.
Перфораторға қысқа мерзімді
шамадан тыс жүктеме түсті.
▶ Негізгі сөндіргішті босатып,
қайта басыңыз.