EasyManua.ls Logo

Philips sonicare 6500 - Page 765

Philips sonicare 6500
859 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
765
Қазақша
- Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті заттардың шығуынан
қорғау үшін өнімді немесе батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге,
зақымдауға немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды қысқа
тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері күйде зарядтауға болмайды.
- Бұл құралда ауыстырылмайтын батареялар бар. Батареяны пайдалану
мерзімі біткен соң, құрылғыны тиісінше қайта өңдеу керек, «Қайта
өңдеу» бөлімін қараңыз.
- Тек Philips HX6110, HYTCxx немесе кіріс көрсеткіштері төмендегідей
қауіпсіздік көрсеткіштері мақұлданған адаптерлерді пайдаланыңыз:
4,75-5,25 ВТТ, 1,5 Вт.
- Өнімді 0°C – 40°C аралығында зарядтаңыз және пайдаланыңыз.
- Батареяларды алғаннан кейін кездейсоқ қысқа тұйықталуын
болдырмау үшін батарея клеммаларының металл нысанмен (мысалы,
тиындар, қыстырғыштар, сақиналар) байланысуына мүмкіндік
бермеңіз. Батареяларды алюминий жұқалтырға орамаңыз. Қоқысқа
тастау алдында батарея клеммаларын ораңыз немесе батареяларды
пластик қалтаға салыңыз.
- Бұл құралда литий-ион аккумулятор бар. ДҰРЫС ҚАЙТА ӨҢДЕЛУІ
НЕМЕСЕ ТАСТАЛУЫ ҚАЖЕТ.
Сақтау және тасымалдау шарттары
Температура: -20°C - +60°C (-4°F - 140°F).
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Радио жабдығының директивасы
Осы құжатта Philips компаниясы радио жабдығы түрі (Bluetooth, NFC) бар
электр тіс щеткалары 2014/53/EU директивасына сәйкес екендігін
мәлімдейді.
- Қолданыстағы өнімдердегі Bluetooth радиожиілік интерфейсі 2,4 GHz
жиілікте жұмыс істейді.
- Bluetooth құрылғысының ең жоғары шығыс қуаты: 3 dBm.
- Қолданыстағы өнімдердегі NFC радиожиілік интерфейсі 13,56 МHz
жиілікте жұмыс істейді.
- Құрылғы таратқан ең жоғары РЖ қуаты: 30,16 dBm.
ЕО сәйкестік мәлімдемесінің толық мәтінін төмендегі интернет бетінен
алуға болады: www.philips.com/support
Ескертпе: Әр түрлі модельдердің мүмкіндіктері әр түрлі болуы мүмкін.
Кейбір модельдер Bluetooth немесе NFC функциясымен жабдықталмауы
мүмкін.

Table of Contents

Related product manuals