30
Шыныларды орнату
Орнату кезінде төменде сол жақта құрылғының фирма белгісі
орналасуын қадағалаңыз.
1.Шыныны артқа көлбеу күйде орнатыңыз (А суреті).
2.Жоғарғы бөлігін көлбеу күйде салыңыз және екі жағынан
бекітіңіз. Тегіс бет сыртында болуы керек. (В суреті).
3. Қорғағыш панельді орнатыңыз және бекітіңіз.
4. Духовка шкафының есігін орнатыңыз.
Духовка шкафын шыныларды дұрыс орнатқаннан кейін ғана
қайта пайдалана аласыз.
Ақаулық бар болса не істеу керек?
Жиі ақаулықтың себебі болмашы нәрсе болады. Сервистік
қызметке қоңырау соқпай тұрып кестеге қараңыз. Мүмкін
ақаулықты өз бетіңізше жоя алатын шығарсыз.
Ақаулықтар кестесі
Тамақ онша жақсы болмай шықса,
Біз сіз үшін асханада
сынақтар өткіздік
тарауын қараңыз. Онда тамақты әзірлеу
туралы көп кеңестер мен нұсқаулар табасыз.
: Ток соғу қаупі бар!
Білікті емес маманның жөндеуі қауіпті. Жөндеуді тек біздің
клиенттерге қызмет көрсететін тәжірибелі техниктердің біреуі
ғана орындай алады.
Назар аударыңыз
Қуат сымы зақымдалса, оны өндірушінің сервистік қызметі
немесе білікті маман ауыстыруы керек.
Духовка шкафындағы шамды ауыстыру
Духовкадағы шам күйіп кетсе ауыстыру керек. Жоғары
температураларға төзімді, 40 Вт шамдарды сервистік қызметтен
немесе арнайы дүкеннен сатып алуға болады. Тек осы
шамдарды пайдаланыңыз.
: Ток соғу қаупі бар!
Сақтандырғыштар блогындағы сақтандырғышты өшіріңіз.
1. Зақымдарды болдырмау үшін салқын духовка шкафына
асхана сүлгісін салыңыз.
2. Шыны плафонды сағат тіліне кері бұрап алыңыз.
3. Шамды түрі бірдей шамға ауыстырыңыз.
4. Шыны плафонды бұрап бекітіңіз.
5. Сүлгіні шығарып, сақтандырғышты қосыңыз.
Шыны плафон
Зақымдалған шыны плафонды ауыстыру керек. Жарамды шыны
плафондарды сервистік қызметтен сатып алуға болады.
Құрылғының құрылғы нөмірін (E-нөмір) және зауыттық нөмірін
(FD-нөмір) айтыңыз.
Сервистік қызмет
Егер құрылғыны жөндеу керек болса, біздің сервистік қызмет сіз
үшін жасалған. Біз техниктердің қажет емес келулерін
болдырмау үшін әрқашан жарайтын шешімді табамыз.
Өнім нөмірі және зауыттық нөмір
Сервистік қызметке қоңырау шалғанда, біз сізге сапалы қызмет
көрсете алуымыз үшін өнім нөмірін (E-Nr.) және зауыттық нөмірді
(FD-Nr.) хабарлаңыз. Нөмірлер бар үлгілік тақтайша духовка
шкафы есігінің бүйірінде орналасқан. Қажет болғанда көп уақыт
іздемеу үшін құрылғыңыздың деректерімен сервістік қызмет
телефон нөмірін осы жерде жазу мүмкін.