Қазақ 99
▶ Құрамында қорғасын бар бояулар, ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц
қамтитын жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң
денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін
болса, жарамды шаңсорғыш құралды қолданыңыз. Шаңсорғыштаудың жоғары деңгейіне
жету үшін, тиісті жылжымалы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Қажет болса, сәйкес шаң түріне
арналған респиратор маскасын тағыңыз. Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз. Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын нұсқауларды орындаңыз.
Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Затты берік бекітіңіз. Бөлшекті бекіту үшін струбциналарды немесе қысқышты қолданыңыз.
Бұл оны қолмен ұстап тұрудан сенімдірек және бұл кезде аспапты екі қолмен ұстауға болады.
▶ Аспапта қысқыға сай ұштары бар екеніне және қысқыда берік бекітілетініне көз жеткізіңіз.
▶ Электр қамтуды беруді өшіргенде аспапты өшіріңіз және желілік кабель ашасын розеткадан
шығарыңыз. Қажет болғанда негізгі сөндіргішті бұғаттаудан шығарыңыз. Бұл электрмен қамту
қалпына келтірілгенде аспаптың өздігінен қосылуын болдырмайды.
▶ Бұрғы ұшының шамадан тыс майлануын болдырмаңыз. Әйтпесе жұмыс кезінде майлайтын май
қысқыдан шашырайды.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
▶ Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру
үшін тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз. Электрлік құралдың байланыс кабелі
зақымдалған жағдайда оны арнайы дайындалған және рұқсат етілген кабельге ауыстыру
керек. Оған клиенттерге қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс беруге болады. Ұзартқыш
кабельдерді тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
Жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалған жағдайда оған тиюге тыйым
салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз. Ақаулы электр қуаты кабельдері және
ұзартқыш кабельдер электр тогының соғу қаупін тудырады.
▶ Ток өткізетін материалдармен жиі жұмыс істегенде аспап ластанады, сондықтан оны тұрақты
түрде тексеру үшін Hilti қызмет көрсету орталығына өткізу керек. Қолайсыз жағдайларда аспап
бетінде жиналатын ылғал мен шаң (әсіресе төк өткізгіш материалдардан) электр тогының соғуын
тудыруы мүмкін.
Жұмыс орны
▶ Бөгде тұлғалар жұмыс аймағынан қауіпсіз қашықтықта болуын қадағалаңыз. Жұмыс
аймағындағы кез келген адам жеке қорғану құралдарын қолдануы керек. Өңдеп жатқан
бөлшектердің немесе бұзылған жұмыс аспаптарының сынықтары шетке ұшуы және тіпті жұмыс
аймағының шектерінен тыс жарақаттауы мүмкін.
▶ Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын немесе төмен түсетін сынықтар жарақаттауы мүмкін.
Жеке ану ұралдары
▶ Қорғауыш қолғаптарда жұмыс істеңіз. Перфоратор қолдану барысында қызып кетуі мүмкін.
Құралды алмастырған кезде құралға тию жараларға не өртке апарып соғуы мүмкін.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
@
Шаңнан қорғау қабы
;
TE-C Click кұрал бекіткіші
=
Оңға/солға айналу бағытын ауыстырып-
қосқыш
%
Үздіксіз жұмыс режиміне арналған
бекітетін түйме
&
Тұтқыш
(
Желілік кабель
)
Сөндіргіш
+
Тереңдік шектегіші бар айналмалы
бүйірлік тұтқыш
Printed: 31.05.2017 | Doc-Nr: PUB / 5070749 / 000 / 04