*2288006*
2288006 Қазақ 57
TE -6-CL
Ø ағаш бойынша бұрғы
3 мм … 20 мм
Ø металл бұрғысы
≤ 13 мм
4.2 EN 62841 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол
экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.
Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа
мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық
қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу
кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын
да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай
азаюы мүмкін.
Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша сақтық
шараларын қолданыңыз, мысалы: электр аспабына және жұмыс аспаптарына техникалық қызмет
көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.
Шуыл туралы ақпарат
Дыбыс күшінің деңгейі (L
WA
)
98,5 дБ(А)
Дыбыс күшінің деңгейі бойынша дәлсіздік (K
WA
)
3 дБ(А)
Эмиссиялық дыбыс қысымының деңгейі (L
pA
)
87,5 дБ(А)
Дыбыс қысымының деңгейі бойынша дәлсіздік (K
pA
)
3 дБ(А)
Діріл туралы ақпарат
Дірілдің эмиссиялық көрсеткіші, кескішпен өңдеу (a
h, Cheq
)
13,0 м/с²
Дірілдің эмиссиялық көрсеткіші, бетонда перфоратормен бұрғылау
(a
h, HD
)
15,3 м/с²
Жоғарыда берілген діріл көрсеткіштерінің дәлсіздігі (K)
1,5 м/с²
5 Ұзартқыш кабельді қолдану
ЕСКЕРТУ
Зақымдалған кабельден қауіп бар! Егер жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалса,
оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз.
▶ Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру үшін
тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз.
• Тек жұмыс аймағы үшін рұқсат етілген, көлденең қимасы жеткілікті ұзартқыш кабельдерді
қолданыңыз. Өзге жағдайда аспапта қуаттың жоғалуы және кабель қызып кетуі мүмкін.
• Ұзартқыш кабельде зақымдардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
• Зақымдалған ұзартқыш кабельді ауыстыру керек.
• Ашық ауада жұмыс істегенде тек пайдалануға рұқсат етілген, сәйкес белгілеуі бар ұзартқыш
кабельдерді қолданыңыз.
Ұсынылатын минималды көлденең қималар мен максималды кабель ұзындықтары осы
құжаттаманың соңында QR коды ретінде қолжетімді.
6 Жұмысқа дайындық
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Өнімнің кездейсоқ іске қосылуы.
▶ Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында желілік ашаны тартып
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.