58 Қазақ 2288006
*2288006*
6.1 Бүйірлік тұтқышты орнату 2
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Перфоратор басқарудың жоғалуы.
▶ Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Бекітетін сақина аспаптағы
оған арналған арнайы ойықта орналасқанына көз жеткізіңіз.
1. Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) босату үшін, тұтқыш бойынша айналдырыңыз.
2. Ұстағышты (тартылмалы таспаны) алдыңғы жақтан құрал бекіткіші арқылы арнайы қарастырылған
гайкаға дейін жылжытыңыз.
3. Бүйірлік тұтқышты қалаулы орынға орналастырыңыз.
4. Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) керу үшін, тұтқыш бойынша айналдырыңыз.
6.2 Тереңдік шектегішін орнату 3
1. Бүйірлік тұтқыштағы құлыптан босату түймесін басып тұрыңыз.
2. Тереңдік шектегішін алдыңғы жақтан бүйірлік тұтқыштағы арнайы саңылауға бағыттаңыз. Тереңдік
шектегішін қажетті тереңдікке орнатыңыз.
3. Құлыптан босату түймесін жіберіңіз.
▶ Тереңдік шектегіші құлыптанады.
6.3 Алмалы-салмалы аспапты енгізу 4
Алмалы-салмалы аспап ұшын аздап майлаңыз.
Тек Hilti компаниясы ұсынған түпнұсқа жағармай қолданыңыз. Қате майды қолдану аспапқа
зақым келтіруі мүмкін.
1. Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне енгізіңіз және оны шерту дыбысы естілгенше сәл басып
айналдырыңыз.
2. Орнатқаннан кейін қысқыда берік бекітілгеніне көз жеткізу үшін жұмыс аспабын өзіңізге тартыңыз.
▶ Өнім жұмысқа дайын.
7 Жұмыс істеу
ЕСКЕРТУ
Зақымдалған кабельден қауіп бар! Егер жұмыс барысында желілік немесе ұзартқыш кабельге зақым
тисе, аспап пен кабельді дереу желіден ажыратыңыз. Бүлінген жерлерге тимеңіз!
▶ Барлық жалғағыш сымдарды жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Бүлінген ұзартқыш кабельді
алмастырыңыз. Зақымдалған желілік сымдарды ресми техник маманға жөндетіңіз.
Әдетте макс. өшіру тогы 30 мА шамасында болған кезде жылыстау тогынан қорғау автоматын (RCD)
қолдану ұсынылады.
7.1 Айналу бағытын өзгерту 5
▶ Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын оң не сол жақ айналуға орнатыңыз.
7.2 Соққысыз бұрғылау 6
▶
Функцияны таңдау қосқышын «Соққысыз бұрғылау» күйіне орнатыңыз.
7.3 Соққымен бұрғылау (соғатын бұрғылау) 6
▶
Функцияны таңдау қосқышын «Соққымен бұрғылау» күйіне орнатыңыз.
7.4 Кескішті орналастыру 6
▶
Функцияны таңдау қосқышын «Кескішті орналастыру» күйіне орнатыңыз.
▶ Кескішті 18 түрлі позицияға (20° қадамға) орнатуға болады. Осының есебінен жалпақ және
қалыпқа түсірілген кескіштерді қажетті жұмыс күйіне орнатуға болады.