аза ша
671
Қазақша
Кіріспе
Philips Sonicare отбасына қош келдіңіз! Бұл тіс щеткасы тіс өңезін жақсы
кетіруге, тісті ағартуға және қызыл иекті сау қалпында ұстап тұруға
мүмкіндік береді. Sonicare жұмсақ дыбыстық технологиясы мен
клиникалық түрде әзірленіп дәлелденген мүмкіндіктер тіркесімен
пайдалану арқылы кез келген уақытта ең үздік тазалыққа қол
жеткізгеніңізге сенімді бола аласыз.
Қосымша қолдау мен өнімді тіркеу қызметтері келесі торапта қолжетімді:
www.philips.com/support
Маңызды қауіпсіздік ақпараты
Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді және оның
батареялары мен аксессуарларын қолданбас бұрын, осы ақпаратты
мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Дұрыс
пайдаланбау қауіптерге немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУЛЕР
- Тек түпнұсқа Philips аксессуарларын немесе тұтынушылық заттарын
пайдаланыңыз. Қамтамасыз етілсе, тек түпнұсқа USB кабелі мен USB
қуат көзі құрылғысын пайдаланыңыз.
- Бұл құрылғыда пайдаланушы қызмет көрсететін бөлшектер жоқ.
Құрылғы зақымдалған болса, оны пайдалануды тоқтатып, еліңіздегі
тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз. USB кабелі
зақымдалған болса, оны пайдалануды тоқтатыңыз.
- Зарядтағыштарды судан алшақ ұстаңыз.
- Тазалаудан кейін зарядтағыштарды және жол зарядтағышының
сөмкелерін қоспай тұрып, олар толығымен құрғақ екенін тексеріңіз.
- Бұл құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа
біреу қадағалаған және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер
түсіндірілген жағдайда, осы құралды балалар және физикалық
мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз
адамдар пайдалана алады. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық
қызмет көрсету қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға
болмайды.
- Балалардың өніммен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Өнімнің ешбір бөлігін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
- Адаптерлерді және зарядтағыштарды сыртта немесе қызған беттердің
жанында пайдаланбаңыз.
- Бұл құрылғы тек тістер, қызыл иектер мен тілді тазалауға арналған.