EasyManua.ls Logo

Philips sonicare 5500 - Зарядтау және батарея күйі; Зарядтау; Зарядтағышта зарядтау

Philips sonicare 5500
755 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
684
Қазақша
Батарея индикаторының сол жақ жарықдиоды 1 рет сары
болып жыпылықтағанын көрсеңіз және 3 дыбысты жоғары-
төмен деңгейде естісеңіз, мүмкіндік өшірілген.
Зарядтау және батарея күйі
Бұл Philips Sonicare тіс щеткасы толығымен зарядталған батареяда
әрқайсысы 2 минуттай болатын орташа есеппен 42 тазалау мүмкіндігімен
қамтамасыз етеді (егер күніне екі рет пайдаланылса, 21 күнге жетеді).
Батарея индикаторы 2 минуттық тазалау сеансын аяқтаған кездегі, тіс
щеткасын кідірткендегі немесе ол зарядталып жатқан кездегі батареяның
күйін көрсетеді.
Ескертпе: Алғаш пайдалану алдында батареяны толық зарядтауға 24
сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін, бірақ Philips Sonicare тіс щеткасын толық
зарядтамай тұрып пайдалануға болады.
Зарядтау
Зарядтағышта зарядтау
1
USB зарядтау сымын қабырға адаптеріне қосыңыз, сосын қабырға
адаптерін розеткаға қосыңыз.
2
Сапты зарядтағышқа қойыңыз.
3
Берілген USB кабелін 5 В тұрақты кіріс ток көзіне қосыңыз.
- Тек Philips өнімдерімен үйлесімді немесе кіріс көрсеткіштері
төмендегідей қауіпсіздік көрсеткіштері мақұлданған адаптерлерді
пайдаланыңыз: 100 - 240 В~; 50/60 Гц; 3,5 Вт және шығыс
көрсеткіштері 5 ВТТ; 2,5 Вт.
- UL тізіміндегі немесе 1310 2-класы стандартына сәйкес (тек NAM)
қуат көзі
4
Батарея индикаторы мен жарық сақинасы жанады, сап екі рет сигнал
береді және саптағы барлық шамдар оның төменгі жағынан жоғары
қарай жанады.

Table of Contents

Related product manuals