*2244433*
2244433 Қазақ 113
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
@
Шаңнан қорғау қабы
;
Құрал бекіткіші
=
Құрал босатқышы
%
Тереңдік шектегіші (керек-жарақ)
&
Функцияны таңдау қосқышы
(
Қашауды бұғаттау
)
Негізгі сөндіргіш
+
Функциялық сигнал
§
Ақаулықтарды жою
/
Жартылай қуат индикаторы
:
Орташа қуат ажыратқышы
∙
Кодталған, ажырайтын электрлік қосқышы
бар желілік кабель
$
Бүйірлік тұтқыш
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім пневматикалық соғатын механизмі бар электр құрама перфоратор болып табылады.
Ол бетон, кірпіш қалауы, ағаш пен металда бұрғылау жұмыстарына арналған. Бұған қоса, бұл өнімді
кірпіш қалау бойынша жеңіл және орташа ауыр қашау жұмыстарын және бетон бойынша өңдеу
жұмыстарын орындау үшін қолдануға болады.
▶ Аспапты тек фирмалық тақтайшада көрсетілгендей электр желісінің кернеуі болғанда пайдалану
мүмкін болады.
3.3 Артқы қуысты анкер
Бұл өнім артқы қуысты анкерлерді орнату үшінжарамды. Тек арнайы қондыру құралдарын қолданыңыз!
Егжей-тегжейлі ақпарат Hilti орталығында қолжетімді.
3.4 Ықтимал қате қолдану
• Аталған өнім денсаулық үшін зиянды материалдарды өңдеуге арналмаған.
• Аталған өнім ылғалды ортада жұмыс істеуге арналмаған.
3.5 Active Vibration Reduction
Өнім дірілді айтарлықтай азайтатын қосымша Active Vibration Reduction (AVR) жүйесімен жабдықталған.
3.6 ATC
Өнім электрондық апаттық тоқтату құралымен ATC (Active Torque Control) жабдықталған.
Егер алмалы-салмалы аспап бұғатталса немесе қысылып қалса, өнім кенеттен кері бағытпен
бақылаусыз айнала бастайды. ATC өнімнің мұндай кенет айналу қозғалысын анықтап, өнімді бірден
тоқтатады.