726
Қазақша
- Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз.
Өнімді және оның батареялары мен
аксессуарларын қолданбас бұрын, осы ақпаратты
мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін
сақтап қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауіптерге
немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Қамтамасыз етілген аксессуарлар әртүрлі өнімдер
үшін өзгеше болуы мүмкін.
- Тек түпнұсқа Philips аксессуарларын және
тұтынушылық заттарын пайдаланыңыз. CBAyyyy,
TCAxxxx немесе WAAxxxx алынбалы қуат көзін ғана
пайдаланыңыз.
- Өнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және
тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура
әсеріне ұшыратуға болмайды.
- Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі
өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да ұзақ уақыт
алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды тоқтатып,
Philips компаниясына хабарласыңыз.
- Өнімдерді және батареяларын микротолқынды
пештерге немесе индукциялық плитаға салуға
болмайды.
- Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті
заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе
батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге, зақымдауға
немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды
қысқа тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері
күйде зарядтауға болмайды.
- Бұл құралда ауыстырылмайтын батареялар бар.
Батареяны пайдалану мерзімі біткен соң,
құрылғыны тиісінше қайта өңдеу керек, «Қайта
өңдеу» бөлімін қараңыз.
- Батареялар зақымдалса немесе кемісе, теріге
немесе көзге тигізбеңіз. Осы орын алса, бірден
сумен жақсылап шайып, медициналық көмекке
жүгініңіз.
- Батареяларды қолданған кезде қолыңыз, өнім
және батареялар құрған екендігіне көз жеткізіңіз.