EasyManua.ls Logo

Philips MX40 - (Ko) 사용 설명서

Philips MX40
51 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
19
бұрын оны әрдайым сырттай тексеріңіз. Төменде берілген Пайдалану алдында сырттай тексеру бөлімін қараңыз.
ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА СЫРТТАЙ ТЕКСЕРУ - Қандай да бір кабельді емделушіге немесе мониторға жалғамас
бұрын кабельдің физикалық күйін, коннектор тығыздағышын және коннектор түйіспелерін келесі бөлімдерде
сипатталғандай сырттай тексеріңіз. Кабельдің физикалық күйін сырттай тексеру - Қандай да бір кабельді
емделушіге немесе мониторға жалғамас бұрын, кабельді көзбен қарап тексеріп, жарамдылық мерзімі аяқталмағанын
анықтаңыз. Дәлдік өлшемдерін бұзатын немесе емделушінің/пайдаланушының дене жарақатына (мысалы, тіліктер)
әкелуі мүмкін жарықтардың, қабыршықтардың, сыдырудың, жалаңаш сымдардың, зақымдалған коннекторлардың
және басқа да осыған ұқсас тозу мен зақымдану белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз. Сырттай тексеру кабельдің алдағы
уақытта пайдалану үшін бұдан былай жарамсыз екенін көрсеткен кезде, өнімді тастаудың тиісті процедураларын
орындаңыз (Өнімді тастау бөлімін қараңыз). Кабель коннекторының тығыздағышын сырттай тексеру - Кабельді
MX40 мониторына жалғау алдында кабель коннекторы аузының айналасындағы тығыздағыштың дұрыс
орнатылғанын сырттай тексеріңіз (осы құжаттың алдыңғы бөлігіндегі тығыздағыштың дұрыс орнатылғанын көрсететін
суретті қараңыз). Тығыздағышының қандай да бір бөлігі алынған немесе зақымдалған болса, пайдаланбаңыз! Оның
орнына кабельді алып тастаңыз, себебі ол қате көрсеткіштерді беруі және/немесе емделушіге/пайдаланушыға зақым
келтіруі мүмкін. Кабель коннекторының түйіспелерін сырттай тексеру- Ескертпе: пайдаланылмаған кезде,
кабельдің SpO
2
сенсор коннекторы жалғанған қорғаныш қақпақпен жабылуы керек. Кабельдің монитор
коннекторында кабель мен монитор арасында жақсы байланысты орнату үшін таза болуы тиіс шағын түйіспелер бар.
Сондықтан кабельді мониторға жалғау алдында кабель коннекторының ішінде қылшық, сұйықтық немесе қалдықтың
бар-жоғын сырттай тексеріңіз. Егер сырттай тексеру кабель коннекторының ішін тазалауды қажет ететінін көрсетсе,
төмендегі қадамдарды орындаңыз. Кабельдің MX40 коннекторының ішін тазалау үшін тек төмендегі қадамдарды
орындаңыз. Коннектордың немесе кабельдің сыртқы беттерін тазалау үшін осы Пайдалану нұсқаулығымен бірге
берілетін ЭКГ тармақтары, кабельдері мен адаптер кабельдерін күту, тазалау және зарарсыздандыру құжатында
берілген мақұлданған кабель тазалау процедураларын қараңыз. Кабельдің MX40 коннекторларының ішін тазалау
үшін: 1 - Тазалағыш сұйықтықтың кабель коннекторына ағуына жол бермеңіз және коннектор ішінің айналасындағы
тығыздағыштың жылжып кетпеуі үшін абай болыңыз; 2 - Осы пайдалану нұсқауларының басында Коннектор
істікшелерін тазалау суретінде көрсетілгендей кабель коннекторының саңылауын төмен қаратып ұстаңыз, бұл
тазалағыш зат қалдықтарының коннектор ішіне жиналуынан қорғайды; 3 - Тек изопропил спиртімен аздап
дымқылданған түбітсіз шүберекпен немесе алдын ала изопропил спиртімен ылғалданған майлықпен сүртіңіз;
4 - Кабельдің MX40 коннекторының ішін жайлап сүртіңіз; 5 - Қолданар алдында коннектор істікшелерінің ауада
кепкенін күтіңіз. MX40 ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАЛҒАУ ЖӘНЕ АЖЫРАТУ - MX40 құрылғысына кабель коннекторын дұрыс
жалғау және ажырату жолын осы пайдалану нұсқауларының басында көрсетілген суреттерден қараңыз. Қосымша
суретте кабель сымынан тартуға болмайтыны туралы ескерту көрсетілген. Жалғау - Кабельді жалғау суретінде
көрсетілгендей, кабельді және MX40 коннекторын бір-біріне тікелей итеріп жалғаңыз. Сырт еткен дыбыс дұрыс
қосылғанын білдіреді. Ажырату - Кабельді ажырату суретінде көрсетілгендей, коннектордың екі жағынан ұстап,
коннекторды MX40 құрылғысынан ажырату үшін оны ырғаңыз немесе шайқаңыз.
Ескерту: кабельге зақым келтірмеу үшін, ешқашан кабель коннекторының сымдарын ұстау немесе тарту арқылы
ажыратпаңыз.
ЕМДЕЛУШІГЕ ТАҒУ - Стандартты AAMI немесе IEC тәжірибелеріне сай ЭКГ тармағының/электродының дұрыс
орналасуы туралы ақпаратты MX40 мониторының пайдалану нұсқауларынан қараңыз. ЭКГ/SpO
2
адаптер кабеліне
жалғанып тұрған кез келген SpO
2
сенсорын емделушіге дұрыс қолдану туралы ақпаратты тиісті SpO
2
сенсорының
пайдалану нұсқаулығынан қараңыз. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ – Жарамдылығы тексерілген
тазалау/зарарсыздандыру сұйықтықтары мен процедураларын осы Пайдалану нұсқаулығымен қоса берілген ЭКГ
тармақтар жинағын, кабельдері мен адаптер кабельдерін күту, тазалау және зарарсыздандыру құжатынан
қараңыз. Ауру жұғу қаупін азайту үшін: • Кабельдерді алғаш пайдалану алдында және басқа емделушіге
пайдаланбас бұрын тазалаңыз/зарарсыздандырыңыз. • Егер емделушіге қолданылатын қайта пайдаланылатын
кабельдердің кірлегені байқалса, оларды тазалаңыз/зарарсыздандырыңыз. КАБЕЛЬДІ СТЕРИЛЬДЕУ - Осы
пайдалану нұсқауларында сипатталған барлық ЭКГ және/немесе ЭКГ/SpO
2
кабель өнімдері стерильдеуге
арналмаған. ӨНІМДІ ТАСТАУ - Емделушіге күтім көрсету мекемесінде немесе жергілікті ережелерде көрсетілген
қоқыс тастаудың рұқсат етілген әдістерін пайдаланыңыз. ОҚЫС ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ - Осы құрылғыға
байланысты орын алған кез келген елеулі оқыс оқиға туралы Philips компаниясына және пайдаланушы
және/немесе емделуші тіркелген Швейцарияны және Түркияны қоса алғанда, Еуропалық экономикалық аймақ
(EEA) елдерінің құзыретті органына хабарлау қажет. ҚОРШАҒАН ОРТА СИПАТТАМАСЫ- Осы пайдалану
нұсқаулығында сипатталған барлық тармақтар жинағы мен кабель өнімдері үшін төменде көрсетілген температура
мен ылғалдылық диапазондары сақталуы тиіс. Әйтпесе, өнім зақымдалуы мүмкін. Температура - Жұмыс
температурасының диапазоны: 20-95% салыстырмалы ылғалдылықта 0 және +37 °C (32 және 99 °F) аралығында;
сақтау температурасының диапазоны: 15-90% салыстырмалы ылғалдылықта -40 және +60 °C (-40 және 140 °F)
аралығында. Ылғалдылық - Ең төменгі жұмыс ылғалдылығы +50 °C шамасында 15% салыстырмалы ылғалдылық.
24 сағ.; ең жоғарғы жұмыс ылғалдылығы: +40 °C температурада 95% салыстырмалы ылғалдылық. 24 сағ.
Атмосфералық қысым: жұмыс істеу кезінде: 670-1080 гПа; сақтау кезінде: 100-1080 гПа. ҚАЙТА ТАПСЫРЫС
БЕРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ - Мына өнімдер CE таңбасымен белгіленген және олар Еуропалық Одақта сатылады:
989803172221 ECG TRUNK CABLE AAMI/IEC; • 989803199071 MX40 ADAPTER 6L+SpO2; • 989803199081 MX40
ADAPTER SpO2-only; • 989803199091 MX40 ADAPTER 5L+SpO2; • 989803199101 — MX40 ADAPTER 3L+SpO2.
KO - 사용 설명서
관련 문서-
사용 설명서(IFU) 함께 제공되는 ECG 리드 세트, 케이블 어댑터 케이블 관리 세척 소독 문서를 참조하십
시오. 해당 케이블 제품에 검증된 세척/소독제 세척 절차를 제공합니다. 용도- Philips IntelliVue 사용 가능 ECG 간선 케이블
연결되는 모니터링 진단 장비의 사용 범위로 제한되며, 의료 전문가만 사용이 허용됩니다. 제품은 환자에게 여러
사용할 있으며 성인, 소아 신생아 환자에 대한 진단 모니터링 목적으로 심장 신호를 확인하기 위해 설계되었습니다.
Philips 사용 가능 MX40 어댑터 케이블은 환경 병원 이동 성인 소아 다양한 생리학적 파라미터
모니터
Stryker Internal Control No.: EL10165 Rev A

Related product manuals