EasyManua.ls Logo

RIDGID 535M - Майлау; Май Жүйесіне Қызмет Көрсету; A Үлгісіндегі Май Сорғысын Толтыру

RIDGID 535M
570 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...

Ай сайын (немесе қажет болған кезде жиірек) барлық
ашық жылжитын бөліктерді (мысалы, күймеше білеулері,
кескіш дөңгелектері, кескіштің беру бұрандасы, қармауыш
ендірмелері және айналу нүктелері) жеңіл жақпа маймен
майлаңыз. Ашық беттерден артық майды сүртіп алыңыз.
2-6 ай сайын, пайдаланылуына қарай жоғарғы қақпақты алып
тастаңыз және білік мойынтірегінің жақпа май бекіткіштеріне
литий негізіндегі EP (Extreme Pressure) жақпа майын қолдану
үшін жақпа май пісегін пайдаланыңыз (29-сурет). Ашық жетек
механизмі тістеріне аздаған жақпамай мөлшерін жағыңыз.






Қақпағы жоқ бұрандакесу құрылғысын пайдаланбаңыз.
Құрылғыны майлағаннан кейін қақпақты дереу орнына
салыңыз.

Жоңқа науасын сырғытып шығарыңыз.
Май ағыны жеткілікті болуы үшін май сүзгісінің торын таза күйде
ұстаңыз. Май сүзгісінің торы май сұйыққоймасының астында
орналасқан. Сүзгіні негізге бекітетін бұранданы босатыңыз,
сүзгіні май желісінен алып тастаңыз және тазалаңыз. Май
сүзгісінің торы алынған кезде құрылғыны пайдаланбаңыз.






Ластанған кезде бұранда кесу майын ауыстырыңыз. Майды
ағызып жіберу үшін контейнерді сұйыққойма шетіндегі
ағызу ашасының астына орналастырыңыз және ашаны
алып тастаңыз. Сұйыққойма астынан жиналған қоқысты
тазалаңыз. Жоғары сапалы бұрандаларды және кескіштің
ең көп жарамдылығын қамтамасыз ету үшін RIDGID
бұрандакесу майын пайдаланыңыз. Негіздегі резервуар
ішіне шамамен 7 кварта (6,6 л) бұрандакесу майы сыяды.
Май сорғысы жүйе таза болған кезде өздігінен толтырылуы
қажет. Кері жағдайда бұл сорғының тозғанын және оған
қызмет көрсету қажет екенін білдіреді. Сорғыны толтыруға
әрекеттенбеңіз.

Ағымдағы 535 бұрандакесу құрылғылары өздігінен толтырылатын
сорғыларды пайдаланады. 1996 жылдың 1 маусымынан бұрын
жасалған құрылғыларда A үлгісіндегі май сорғысы бар және ол
толтыруды қажет етуі мүмкін.

А үлгісіндегі май сорғысымен жабдықталған
RIDGID 535, 500 және 500A бұрандакесу құрылғыларында
құрылғының жоғарғы қақпағын шешпей май сорғысын толтыру
мүмкіндігін беретін май сорғысын толтыру порты түтікшесінің
ұзартқышы және жоғарғы қақпаққа қатынасу тесігі болуы
қажет. Бұл құрылғының ішкі механизміне тию нәтижесіндегі
жарақат ықтималдығын азайтады. Егер 1996 жылдан бұрынғы
құрылғыда толтыру порты түтікшесінің ұзартқышы және
жоғарғы қақпағында қатынасу тесігі болмаса, оларды қосқан
жөн. Жаңарту саясатына қатысты Ridge Tool Техникалық
қызмет бөліміне rtctechservices@emerson.com мекенжайы
арқылы немесе (800) 519-3456 нөміріне хабарласыңыз
.




A үлгісіндегі сорғыны толтыру үшін:
562
535 қол патронымен/
535 автоматты патронмен бұрандакесу құрылғылары
999-998-086.09_REV. C

Table of Contents